Жүсіп Баласағұнның тағылым - тәрбие туралы ой пікірлері (1021-1075) туралы қазақша реферат

Қазақша реферат

Бас бет » Рефераттар » Педагогика

Жүсіп Баласағұнның тағылым - тәрбие туралы ой пікірлері (1021-1075)

Көне дәуірдегі түркі халықтарының мәдениетінің тербеліп өскен бесігі Шу мен Іле өзені аралығында ұлан байтақ өлкеден ХІ ғасырда аты әлемге әйгілі ақын, философ Жүсіп Хасхаджиб Баласағұн музыкант отбасында дүниеге келген. Жүсіп Баласағұнды жазба деректер бойынша «Құтты білік» шығармасы туралы білеміз. Ақын «Құтты білік» дастанын жасы елуге келгенде он сегіз ай ішінде жазып бітірген.
«Құтты білік» дастаны ХІ ғасырда өмір сүрген түркі тайпаларының бәріне түсінікті әдеби тілде жазылуы себепті, оны әр дәуірде Мәдениеті мен ғылымы үдере даму жолына түскен түркі тілді бауырлас халықтардың бәрі ортақ мұра ретінде зерттеп, ғасырлар сырына қаныға бермек.
Музыкант отбасында туғандықтан музыканы, күй тартып, өлең айтып, нақышты музыка сазын лез бойына толық дарытқан. Баласағұнның бізге жеткен «Құтты білік» Ғибарат-өнеге поэммасында саясат, өнеге, тәрбие жөнінде толғаныс тапқан, үлкен тәрбиелік мәні мен маңызы бар, тағылымы-терең, философиялық трактат.
Баласағұнның адамның дамуы, жеке адам басының жетілуі, өсуі тікелей тәрбиенің жетістігі, ол адам табиғатына байланысты бола отырып, оның тарихи дамуының үстінде үнемі өзгеріске ұшырайтынын анықтады. Бұл пікір ХІХ ғасырдағы 40 жылдарынан басталған және 60 жылдар үстінде дами түскен Еуропа педагогтары мен сол жылдардағы прогресшіл-орыс педагогтарының пікірімен үндес келеді. Баласағұн-философ ретінде және тәрбиелік тағылымға толы-педагог ретінде артына өшпес мұра, тәрбиелік дәстүр, өнеге қалдырған адам. Оның үйретуінше, адамның жетіліп қалыптасуы, оның ішінде жастар тәрбиесі туралы- қоғамдық жағдайлардың, айнала ортаның ықпалымен, оң әсерімен тәрбие арқылы және адам табиғатын туысынан-дүниеге келуімен бірге болатын қасиеттер арқылы қалыптасады. Оның ішінде адамнан өсіп-жетілуінде, оның дүниеге келуі мен ілесе келетін қажетті кейбір сапалар мен қасиеттердің болатындығын мойындады. Өзінің «Құтты білік» деген еңбегінде бұл қасиеттер мен сапалар мен қасиеттер мен сапалар даяр күйінде бола салған адам ақылының мінез-құлқының дарындылықтары емес, ол туыстан ілесе жүретін ерекшеліктер сол дарындылықтардың дамуына себепкер ғана бола алады. Бұл нәсілдік ерекшеліктер адамның өзі өмір сүретін қоғамдық жағдайлар арқылы және сол адамның қабылдайтын тәрбиесі, тәрбиені жүзеге асыратын-еңбек арқылы сақталады, және жетіледі-деп үлкен философиялық тұжырым, педагогикалық мәнді тағлым жасаған адам.
Баласағұн орта, айнала, дүние, әлем, қоршаған ортамен өмір деген ұғымдарды жете қолданған. Баласағұнның ой тұжырымдарына қарағанда сол ұғымдардың барлығы қазіргі қоғам-деген мағынаға, ой жүйесіне, пікірге толық сай келеді. Ол еңбекті сол кездегі, өзі өмір сүрген ортадағы, қарым-қатынас құралы-деп пайдаланған.
Баласағұнның тәрбиелік тағлымының бастауы боларлықтай мына бір пікірін келтіруге болады: «Тәрбиенінің барлық ыждағаттылығы, саласы мен түрі... Өзара ұйымдастырылған, ұйымшыл тату да тәтті адамдар құрамынының, тобының-жетелі адамдар тобының, зерделі адамдар құрамын толықтыратындай биікке көтерілуі қажет. Тәрбие өз кезегінде, әсері мен ықпалында - мирасқорлы», пайдалы еңбектің көзі болуы шарт-деп ой түйеді Баласағұн. Бұл үлкен өсиет. Бүгінгі педагогикалық тұрғыдан қарағанда үлкен ұжым тәрбиелейтін, педагогиканың бала тәрбиесіндегі басты мақсаты мен міндеттерін айқындайтын әдіс, еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың негізі десе де болады.
Баласағұн рубайларының тәрбиелік тағлымы негізінен үш сатыға бөлінеді. Бірінші- әрбір жеке адамның білімді болуы. Екінші-барлық байлық, молшылық-ол үшін еңбек, кәсіп, адалдық, тазалық қажет. Үшінші-әлеуметтік, табиғи күштілік-ол үшін бірлік, достық, бостандық керек.
«Құтты білік» дастанында үйленудің, ұл-қыз өсірудің қиыншылығын көркем суреттей білген. Автордың ойынша егер ұл-қызың жаман болса төрдегі басыңды көрге сүйрейді. Ал, өзіңе ұқсап туған жетелі бала сенің түріңді, бет бейнеңді жоғалтпаумен қатар, туған тіліңді де болашаққа жоғалтпай апарады:
«Егер, ұл-қыз жақсы болса, зерделі,
Айтқаныңнан айнымай дәл келгені.
Егер жаман болса, сені ұлытар,
Өзің өлсең-тәрк етер де ұмытар.» -деп жырласа, Жүсіп Баласағұн дастанында әке тәрбиесіне де аса көңіл бөлген:
«Бейбастық қып өсіргің келсе дана жүректі,
Кінәлі әке, жазығы жоқ ұлының» - деп ақын ұл бала үшін әке тәрбиесіннің орнын ешкім толтыра алмайтындығын айтады. Әке әрқашанда балаға бағыт-бағдар, үлгі-өнеге болып, ұлға, ерлерге тән мінез-құлық қалыптастырады. Ақынның ойынша жақсы әке болу қиынның қиыны. Әке неғұрлым күшті, батыл, кішіпейілді, жұбайына адал, балаларына мейірімді болса, соғұрлым үй ішінде ауыл-аймағында беделді болады.
Жүсіп Баласағұн жетесіз ұлдан жетелі құл артық, пайдасыз ұл жаудан жаман дей келе, ата-аналарға мынандай өсиет қалдырған:
«Ұл-қызыңа үйрет білген білімді,
Қолыңа ұстат кеудеңдегі күніңді.
Сонда ұл-қызың адамдықтан таймайды,
Көңілі-таза, көзі шоқтай жайнайды». Сонымен қатар тәрбиенің күшіне шүбәсіз сенген ақын.
«Балам білім жолын қусын десеңіз,
Бесігінде ақ ілім шоғын көсеңіз...
Білім үйрет сәбиіңе сарыла,
Уыздай ұйып, сүттей сіңір қанына !
Сәбиінде көкірекке түйгені
Өлгенінше санасында жүреді»-деп педагогикалық ой түйеді. Оқу-тәрбие ісі-балғын жастық табиғатын түсінуге жетелейді. Баланың ақыл есінің, мінез-құлқының ерекшеліктерін еске алмайтын, олардың бәрін бір қалыпқа сиғызу тәжірибесінен аулақ болуға шақырады. Қорыта айтқанда ұлы ойшылдың салиқалы педагогикалық пайымдаулары ұрпақ тәрбиелеуде әркез есте ұстайтын тағылымдар екендігі даусыз.
Ақын ұлттық әдепке, әсіресе тіл әдептілігіне ерекше назар аударып:
Тіліңді бақ, басың аман болады,
Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады, – деп, жақсы мінез-құлық, әдептілік, кішіпейілділік ең алдымен адамның тәлім тәрбиесіне байланысты болады да, оның көріністері әрбір адамның сөйлеу тілінен, дауыс ырғағынан байқалып қалады деген пікірді айтады. Әдепті адам мәнерлі, мәнді, сыпайы сөйлейді дейді. Ақынның бәйіттері (Егіз ұйқасты екі тармақтан құралған немесе 4-6 тармақпен түйінделген өлең шумақтары) көркемдігі жоғары, әуезді, шешендік шеберлікпен жазылған. Ақынның әрбір бәйіті жеке бір тәрбиелік мақсаттарды орындайды:
1. Әділеттілік туралы:

Есте сақта, сөзімді қабыл ет те,
Пайда-мінез, ұят пен әділетте.
(1630-бәйіт)

2. Еңбек туралы:

Көз берді Алла зат көріп құндау үшін,
Құлақ берді үн естіп, тыңдау үшін,
Қос қол берді тірлікпен тынбау үшін,
Аяқ берді бос қарап тұрмау үшін.
(3599-3600-бәйіт)

3. Ата-ананы құрметтеу туралы:

Ата-ананың қабылдап қасиетін,
Ардақтай біл атқарып өсиетін.
(1486-бәйіт)

4. Ғылым мен білім туралы:

Жастай түссең пәк ғылымның жолына,
Өмір бойы бақыт сенің қолында.
(1593-бәйіт

5. Ақылды дос туралы:

Ақылдыға қосылсаң, бақытты боп өтесің,
Төрт құбылаң түгел боп, арманыңа жетесің
(4497-бәйіт)

6. Меймандостыққа, кеңпейілділікке тәрбиелеу

Туыс досқа пейіліңмен берсең мәзір асыңды,
Олар сені құрметтеп сыйлап өтер басыңды.
(4649-бәйіт)

Қазақ халқының әріден бастау алатын ұлттық (этностық) педагогикасынан өз орнын алатын Жүсіп Баласағұни бабамыздың тәлім-тәрбиелік ойлары, өсиет-өнегелері өз құндылығымен ұрпақтан-ұрпаққа тәлімдік қуатымен жетеді. Құтты білімді құрметтей қабылдап, оның асылдарын ала білетін ұрпағымыз Баласағұнидің бар дүниесін қастерлей беруі ләзім.

Категория: Педагогика | Добавил: Admin (2013-07-24)
Просмотров: 1071 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email:
Код *: